Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округіндегі №3 сайлау учаскесіне келушілердің қарасы қалың.
Референдум күні жасы да, үлкені де мемлекетіміздің ертеңіне қатысты өз таңдауларын жасап жатыр. Көпшілікпен бірге учаскеге келген осы ауылдағы Халықтық «Жайдарман» әжелер ансамблінің мүшелері тіптен ерекше көзге түсті. Ақ жаулықты әжелеріміз ұлттық нақышта киініп, шашу шаша келіпті дауыс беруге.
– Үлкендердің тілегі – әманда елдің тыныштығы мен өркендеуі, басымыздың амандығы. Сондықтан ансамбль мүшелері келісіп, бірге келіп, бірліктің үлгісін кейінгі ұрпаққа осылай көрсетейік деп шештік. Бүгін – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бір екенімізді көрсетейік. Барша жерлестерімізді дауыс беріп, таңдау жасауға шақырамыз, - деген әжелер жиналғандарға арнап, халық әндерін әуелетті.
Әсем Есбек
Ақжайық ауданы