6.10.2024, 9:57
Оқылды: 94

Сырымда жаңа шағынауданның тұрғындары таңдау жасады

Осы жылы көктемдегі тасқында Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарындағы бірқатар көшелер суға кетті. Өлеңті ауылы бойынша баспанасы тұруға жарамсыз жанұялар үшін жаз айларында жаңа 39 үй салынды. Олардың 26-сы жаңа орыннан бой көтерді. 

IMG-20241006-WA0091

Бүгін жаңа қонысқа ие болған өлеңтіліктер референдумға «Қазақстан халқына» шағынауданының тұрғындары ретінде қатысты.

Алғашқы болып бюллетень белгілегендер ішінде көршілер Қанат Кәкімов пен Айбек Мағазов та бар.

– Төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру, тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың шығындарын өтеу бойынша ҚР Үкіметі бірқатар жұмыстар атқарды. Әр сынақтың қайыры бар. Жаңа үйлер салынып, ауыл ажарланып қалды. Өлеңтіде су жаңа үш көше, тұтас шағын аудан пайда болды. Бүгін жаңа шағын ауданның тұрғыны ретінде таңдау жасадық, - дейді олар.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале