Көпшілікпен бірге Т.Жароков атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №136 референдум учаскесіне Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов арнайы тіркеу рәсімінен өтіп, өз дауысын берді.
– Бүгін елімізде саяси науқан жүріп жатыр. Жәнібек ауданы бойынша 9 229 сайлаушы бар. Ауданымыз бойынша 19 референдум учаскесі жұмыс жасауда. Бүгін барлық референдум учаскесі уақытында ашылып, аудан тұрғындары дауыс беруде. Елдің қамын ойлаған әр азамат өзінің дұрыс, әділ таңдауын жасайды. Барша референдум учаскелерінің жұмысына сәттілік тілеймін, - деді әкім.
Аудан басшысымен қатар ауданның мекеме басшылары да таңдауларын жасады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек