6.10.2024, 10:10
Оқылды: 49

Жәнібекте ардагерлер дауыс берді

Жәнібек ауданының №139 сайлау учаскесінде «Ардагерлер ұйымы» Жәнібек аудандық филиалының мүшелері өз дауыстарын берді.

IMG-20241006-WA0100

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев:

– Қазақстан бойынша өтіп жатқан референдум елдің дамуы үшін, болашағы үшін, энергетика қауіпсіздігі үшін өтіп жатыр. Меніңше, бұл бастама Қазақстанда соңғы отыз жыл бойы тұрған адамдар үшін талас тудыратын мәселе емес. Референдум – халықтың нақты бір мәселеге байланысты пікірі, көзқарасы, таңдауы. Әңгіме сол таңдаудың нақты заңдылық күшінің бар екендігінде ғана. Демек, бұл да сайлаудың бір формасы. Оның өткізілу тәсілі де, референдум нәтижесінің қабылдануы да бәрімізге таныс сайлау процесімен бірдей. Бұрынғы замандағы хандарымыз іргелі істерде халықпен кеңес құрған, бұқарасының батасын алған. Бертінде қазақ көсемдері Мәңгілік ел құру жолында бас біріктіріп, бір тудың астына жиылып, Ұлытаудағы жақпар тастарға бірліктің бітімінің символындай төл таңбаларын қашап қалдырған. Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған референдумда әрбір қазақстандықтың таңдауы – біріге, тұтаса келе, біртұтас елдің таңдауына айналады, - дейді Амангелді Мырзағалиұлы.

IMG-20241006-WA0101

Бану Самат

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале