6.10.2024, 10:18
Оқылды: 67

Ақжайық ауданында референдумға келушілердің қарасы қалың

Ақжайық ауданында 21 ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Солардың бірі – Татьяна Дәркенова.

IMG-20241006-WA0105

Қазақтың шаңырағына келін болған ол ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрді бекем ұстанады. Аудан орталығындағы №1 аралас мектебінде ұстаз болып қызмет етеді.

– Біз – бір шаңырақтың астында бірнеше ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатқан елміз. Еліміз тарихында осындай маңызды шарада ұлтым бөлек деп тыс қалуға болмайды. Себебі Қазақстан біздің Отанымыз, ортақ мекеніміз, ал оның болашағына қатысты салмақты шешімді қабылдауды халыққа тапсырған екен, ешқайсымыз шет қалмай, бір ауыздан дауыс беруіміз керек, - дейді Татьяна Дәркенова.

Ол өзі тіркелген №25 учаскесіне жолдасы Арман Дәркеновпен бірге келіп, таңдауларын жасады.

Әсия Шырай

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале