Шыңғырлау ауданы бойынша референдум жұмысы қалыпты жүріп жатыр. Дауыс беру қарқыны да біркелкі. Тұрғындар легі көбейіп келеді.
Аудан орталығындағы учаскелерде дауыс беруді бастап кеткендер қатарын №422 учаске бойынша аудан тұрғыны Сағидолла Айткулов, №423 учаскесінде Шыңғырлау мектебінің мұғалімі Гүлжан Қоламанова, №424 учаске бойынша аудан тұрғындары Қанат Утенов пен Сұлтан Кулушев, №425 учаскеде Сәндібек Бижанов пен Айтқали Елмурзиев, ал Шыңғырлау мектебінде орналасқан №426 учаске бойынша осы мектеп күзетшісі Ерлан Кушкинбаев бастап тұр.
Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін шешімдер қабылдайтын тұста белсенділік танытқан тұрғындарға учаскелік комиссиялар тарапынан естелік сыйлықтар ұсынылды.
Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы