Теректі ауданына қарасты ірі елді мекендердің бірі Ақжайық ауылдық округінде төрт сайлау учаскесі орналасқан. Атап өтер болсақ, Ақжайық ауылындағы 350-сайлау учаскесі, Абай ауылындағы 361-сайлау учаскесі, Ақжайық санаториі ауылындағы 351-і және Талпындағы 397-сайлау учаскесі.
Ақжайық ауылында – 1 865 адам, Абай ауылы бойынша – 383 адам, Ақжайық санаториінде – 196 және Талпын ауылында – 235 адам. Округ бойынша бұқаралық маңызы бар шара бірқалыпты өтіп жатыр. Тәуелсіз бақылаушылар референдумның қағидаға сай өтуін қадағалап отыр.
Қазіргі уақытта жалпы округ бойынша халықтың 15 пайызға жуығы өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, алғаш дауыс берушілерге, ең егде сайлаушыға, т. б сыйлықтар қарастырылған.
«Бұл шаралар халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін жасалуда», - дейді комиссия мүшелері.
Самал Жолдығалиқызы
Теректі ауданы