Өз дауыстарын беруге туған күн иелері де келіп жатыр. Сайлаумен тұспа-тұс келген туған күн иесіне комиссия төрағасы Азамат Есболатов туған күнімен құттықтап, сыйлық тарту етті.
№92 сайлау учаскесіне Балым Бейсханова келіп, ел игілігі үшін дауыс берді.
– Сайлауға қатысып, дауыс беру Қазақстан Республикасының әр азаматы үшін міндет. Өз мекенжайым бойынша сайлау учаскесіне келіп, дауысымды бердім. Бүгінгі сайлау – ел келешегі үшін маңызды саяси науқан, - дейді туған күн иесі.