6.10.2024, 11:13
Оқылды: 127

Казталов әкімі таңдауын жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде АЭС салу мәселесін халықпен бірге шешу қажеттігін атап өтіп, республикалық референдум өткізуді жариялаған болатын. 

IMG-20241006-WA0133

Бүгін Казталов ауданындағы 39 сайлау учаскесі есігін айқара ашып, сайлаушылар өз таңдауларын жасауда.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов жұбайымен бірге аудан орталығындағы №219 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

— Бүгін елімізде тарихи сәт. Халқымыз еліміздің болашағы үшін таңдау жасауда. Ауданымызда 16 512 сайлаушы бар. Аудан тұрғындарының таңсәріден сайлау учаскелерінен табылып, дауыс беруі қуантады. Бұл халқымыздың елдің келешегіне бей-жай қарамайтынының айқын көрінісі, - деді аудан әкімі.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале