Подстепный ауылындағы №360 учаскесінің, яғни мәдениет үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке өтіп жатыр.
Жәрмеңкеде керектінің бәрі де бар. Ет пен сүт, көкөніс пен жеміс-жидек өте қолайлы бағада сатылып жатыр. Дауыс берушілер сауда жасап, өздеріне керекті өнімді сатып алуда.
Ел ісіне үн қосып, жәрмеңкеде жолыққан подстепныйлықтардың көңіл-күйі ерекше.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы