6.10.2024, 11:59
Оқылды: 51

Референдумға Шыңғырлау тұрғындары белсенді қатысып жатыр

Бүгінгі жалпыұлттық референдумға Шыңғырлау ауданы тұрғындары белсенді қатысуда. Шыңғырлау аудандық  учаскелік референдум комиссиялары жұмыстарын бастағаннан бері келіп дауыс берушілер қатары қалың.

IMG-20241006-WA0152

Солардың ішінен кәмелеттік жасқа толып, алғашқы рет таңдау жасауға келген жастарды ерекше атап өткен жөн. Өз елінің азаматы ретінде белсенділік танытып, дауыс берушілер қатарынан табылған жас буын көз қуантады.

IMG-20241006-WA0151

– Бүгін азаматтық позициямызды білдіру үшін сайлау учаскемізге келдік. Себебі бұл әрбіріміздің парызымыз. Біз азамат ретінде еліміздің болашағына, ата-ана ретінде балаларымыздың болашағына жауаптымыз. Бүгін қызым бірінші рет дауыс беруге келді. Ол да баршамен, бүкіл Қазақстанмен бірге азаматтық позициясын білдіруді жөн көрді, - дейді бірінші рет дауыс берген студент Гаухар Кужиеваның анасы.

Олар отбасымен аудандық №419 учаскелік референдум комиссиясында таңдауларын жасады.

Әсел Әлім

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале