Қоғамда саясат жайлы ой таластырушылар, тырнақшаның ішіндегі «сарапшылар» көп. Бірақ, нақты таңдау жасауға, пікір тарапын білдіруге келгенде енжар. Бірақ, аға буын олардың қатарынан емес.
Өлеңті ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Құттыбай Бекболсынов 293-ы референдум учаскесіне үйден дауыс беру туралы өтінішті ертерек беріпті. Бүгін учаске мүшелері таңмен ақсақалдың үйіне барып, дауысын алды.
1967 жылы еңбек жолын колхозшы болып бастаған Құттыбай әкей 1971 Өлеңті ауылына қызметке келді. 40 жыл көлік тізгінінде болған ол ауылдың өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Қарт шофер референдум учаскесінің өкілдерін құрметпен қарсы алып, пікірін ескеріп келгендері үшін алғыс білдірді.
Сырым аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасановтың айтуынша, үйден дауыс беру туралы өтініш түскі 12:00-ге дейін қабылданады.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы