6.10.2024, 12:51
Оқылды: 117

Теректінің құрметті азаматы да халықпен бірге

Теректіде референдум кезінде қарты да, жасы да ерлеп тұр. Үйде отырып бал ашпай, керісінше референдум учаскілерінің есігін ашуды өзіне міндет санайтындардың қатары тым көп.

IMG-20241006-WA0166(1)

Солардың қатарында Теректі ауданының құрметті азаматы Сәлім Қоқашев бар. Сәлім Асанұлы өзгеге үлгі боп, дауыс беруге арнайы келді.

– Теректіліктердің дауысы – ел үшін маңызды. Бүгін байқаймын халықтың көңіл күйі ерекше. Жан-жақта жәрмеңкелер өтуде, көңілді музыка одан сайын еңсені тіктеуге жәрдемдеседі. Қатардан қалмай мен де өз таңдауымды жасадым. Менің таңдауым - болашақ жас ұрпақ үшін! Елдің келешегі саналатын жастар үшін, Қазақстанның болашағы үшін әрбір дауыс маңызды, - деп сөзін түйіндеді Сәлім қарт.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале