Хан ордасы ауылындағы №60 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтуде.
Комиссия төрағасы Қуаныш Сариевтің айтуынша, аталмыш сайлау учаскесінде 1229 дауыс беруші тіркелген.
Ең бірінші боп келген Марат Ағишанов комиссия тарапынан сыйлыққа ие болды.
Дәл бүгін, 6 қазанда 70 жасқа толған Мир Ибрашев та мерейтойлық қарбаласқа қарамай, уақыт тауып, дауыс беруге келді.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы