№290 референдум учаскесінде дауыс берушілердің ең жасы таңдау жасады.
Олар БҚУ-дің география факультетінің 2 курс студенті Алмаз Исламғалиев пен Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің жас маманы Ақгүл Таңатова.
Алғаш рет дауыс берген жастарға референдум комиссиясының төрағасы Берік Бисалиев естелік сыйлық табыс етті.
— Дауыс беруге келу — азаматтардың өз құқықтарына қаншалықты байыппен қарайтынын және дауыс беру процесіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Референдум учаскесіндегі ұйымшылдыққа риза болдым. Бәрі оңай және түсінікті болды. Өз қалауымша таңдау жасай алдым, – деді Алмаз Исламғалиев.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы