Сол тарихи сәтке Жаңақаладағы АТП тұрғындары өздерінің ауызбіршілігімен келіп ел болашағы үшін дауыс беріп жатыр.
– Референдум – бұл халықтың елде болып жатқан маңызды мәселелерге қатысты тікелей дауыс беру арқылы шешім қабылдауы. Мен Қазақстанның азаматы, әрі патриоты ретінде өз таңдауымыды жасадым - дейді ауыл тұрғыны Сариева Айбөбек.
Жаңақала ауданы бойынша 24 участок жұмыс жасауда. Ешқандай тәртіп бұзушылық байқалған жоқ. Сайлаудың әділ өтуін байқаушыларда назардан тыс қалдырмай бақылауда.
Айта кету керек, референдум бүгін бүкіл республика бойынша сағат 7:00-дан басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы