6.10.2024, 12:55
Оқылды: 36

Майтүбекте сайлаушылар 100% дауыс берді

Жәнібек ауданындағы Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек елді мекеніндегі референдум учаскесінде дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды. 

IMG-20241006-WA0219

Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, аудандық аумақтық референдум комиссиясының соңғы мәліметіне сүйенсек, Майтүбек елді мекеніндегі №154 референдум учаскесінің сайлаушылары түгелдей дауыстарын берді.

IMG-20241006-WA0220

Дегенмен, саяси науқан кешкі 20:00-ге дейін жалғаса береді.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале