Еліміз бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумға келіп, өз таңдауларын жасаған ауыл тұрғындарының қатары әзірге қалыпты.
Ауылда орналасқан №254, №253, №244 учаскелік референдум комиссияларында болғанымызда осыған көз жеткіздік. Учаскелік референдум комиссиялары кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасайтынын қаперге алсақ, жергілікті тұрғындар осы уақыт аралығында өз таңдауларын әлі де жасап үлгереді.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы