Ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі кім десеңіздер, ол әрине жастар. Олардың парызы – үміт пен сенімді ақтау. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім.
Мағжан сенген жастар бүгінгі референдумға өздерінше үн қосты. Нақтырақ айтсақ, әр ауылдық округтердегі жастар түрлі қызықты сайыстар ұйымдастыруда. Тарқатсақ, Покатилов ауылының жастар жетекшісі Армат Бисенғалиев үстел теннисінен жарыс, Ақжайық ауылының жастары тапқырлар ойынын өткізді.
Олар ойын ойнап қоймады. Кәмелеттік жасқа толған әр жас буын референдумға үн қосқаны жөн екенін жарыса айтып, өзара пікір алмасты.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы