Бүгін – ел тарихындағы елеулі күн. Өйткені елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр.
Аудан орталығындағы 329 референдум учаскесінде Мемлекеттік гимн ойналып, 7:00-де референдум комиссиялары өз жұмысын бастады.
Аталмыш учаске бойынша 1 185 дауыс беруші өз таңдауын жасайды деп күтіліп отыр. Айта кетейік, рефендум жұмысы кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады.