6.10.2024, 14:50
Оқылды: 86

БҚО-да 18 жасқа толған жастар дауыс берді

Батыс Қазақстан облысында сайлауға келген халықтың нөпірі қалың. Өңір тұрғындары маңызды күннен қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға асығуда.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 14.37.38 (1)

Бүгін ел болашағына алаңдаулы жастар сайлау учаскелерінен табылды. Олар Тәуелсіз еліміз үшін әрбір азаматтың науқанда таңдау жасауы маңызды дейді.

Солардың бірі – Ақнұр Досқали. Ол Жаһанша Досмұхаммедов атындағы педагогикалық колледждің І курс студенті. Ол Қазақстан Республикасының азаматы ретінде елінің болашағы үшін референдумға дауыс беруге келіпті.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 14.37.38
– Мен бүгін өз таңдауымды жасадым. Мұның өзі ел үшін маңызды іске қосқан үлесім деп білемін. Еліміздің болашағы – ол жастар екенін ұмытпаған жөн. Жас ұрпақ АЭС-тің энергетикалық әлеуетін пайдалана отырып, келешекте мемлекетіміздің жетістіктерін еселей түседі. Демек, АЭС жобасын жүзеге асыру еліміздің өскелең ұрпағы үшін маңызды, - дейді Ақнұр Досқали.

Сондай-ақ, ол еліміздің маңызды саяси науқанына жауапкершілікпен қарайтыны жайында пікірін білдірді.

6c2e670b-4316-4e24-b094-87c240bef44f

Бүгін ол алғаш рет сайлау бюллетенін алып қана қоймай, естелік сыйлыққа ие болды.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында референдумға дауыс беру жалғасуда.

Сонымен қатар, дауыс беру құқығы бар әрбір азамат сайтта өзінің сайлау учаскесін біле алады: referendum2024.gov.kz.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале