6.10.2024, 15:30
Оқылды: 32

БҚО-да екі ауыл референдумда 100 пайыз дауыс берді

Бүгінгі өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда Батыс Қазақстан облысында Көктерек ауылдық округіне қарасты Оразғали ауылының тұрғындары аса жауапкершілік танытып, өздерінің азаматтық борышын орындады.

836185e8-2890-459d-8e56-1ac0006598f0

Бұл ауылдың тұрғындары саяси науқанды бірауыздан қолдап, 100 пайыз дауыс берді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын алақандай ғана ауылда бүгінде 22 аула тату-тәтті ғұмыр кешуде.

– Елімнің амандығы, тәуелсіздігі үшін, болашақ ұрпақтың жарқын кемелі үшін өз таңдауымды жасап, дауыс беруге келдім. АЭС салына ма, салынбай ма осы сұраққа бүгін халық өз жауабын беруде. Осы науқанды ұйымдастырып, халықты дауыс беруге шақырған жандарға алғыстан басқа ештеңе айтпаймын. Барлығы еліміз үшін жасалып жатырған игі қадамдардың бірі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, -дейді ауыл тұрғыны.

Ауылда сағат 12:00-ге дейін ауылдың барлық тұрғыны (74 адам) дауыс беріп үлгерді. Әсіресе бұл саяси науқанда ауылдың жастары аса белсенділік танытты.

Сондай-ақ, Жәнібек ауданындағы Майтүбек ауылы да ел тағдырына қатысты маңызды науқаннан тыс қалмады. Ауылда тұратын 17 аула бір сағаттың ішінде елдің болашағы үшін өз таңдауларын жасап үлгерді. Ауылдық учаскенің комиссия төрғасының айтуынша ауыл тұрғындарының барлығы таңғы сағат 8.00-ге дейін референдум учаскесінен табылып үлгеріпті.
Айта кетейік, аталған ауылдан бүгін референдумға 48 сайлаушы қатысқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале