Сырымда 290-шы учаскелік референдум комиссиясына қазақ күресінен мемлекеттік қызметкерлер арасында республика чемпионы, үздік мемлекеттік қызметші Ғаббасов Темірлан Серікұлы келіп, дауыс берді.
— Осы референдумнан кейін біздің елімізді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Мен бүгін өз таңдауымды жасадым. Адамдардың учаскелерге көтеріңкі көңіл-күймен барып жатқаны қуантт, - дейді Темірлан Ғаббасов.