Жаңақала ауданындағы № 127 "Қисық-қамыс" референдум учаскесі жұмысы қызу жүріп жатыр. Дауыс берушілер легі уақыт өткен сайын көбеюде. Ең жас дауыс беруші Айбек Айдарбекұлы алғашқы таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды.
Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін шешім қабылдауда тұрғындардың белсенділік танытуы жоғары көрсеткішті көрсетуде.
Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Референдумға дауыс беру қалыпты жүріп жатыр.
Фариза Эдикқызы,
Жаңақала ауданы