Ауылдық жерлердегі тұрғындар арасынан көше болып, көршілер болып, ұжым болып референдум учаскелерінің комиссияларынан көрініп жатқанын әлеуметтік желілерден оқып жатырмыз.
Ал біздің алыс-жақын шетелдер мен кеңбайтақ елімізге белгілі Жеңіс Стамғазиев жетекшілік ететін ақпәтерлік палуандар бүгінгі референдумға тобымен келіп өз таңдауларын жасады.
- Елдің болашағы спортшыларды алаңдатпай қоймайды. Біз сондықтан бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, референдумға тобымызбен келдік. Қазақ елі қашанда өрге өрлеп, биіктерге көтеріле берсін! Біз бәріміз Қазақстанымызбен мақтанатын болайық, - дейді жампоз палуандар.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы