Референдум – мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру.
Осы орайда «Еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін» деген тіркес өз иесін тапты десек болады.
Күні кеше дүниеге келген сәбиін қолына алып, ел ертеңі үшін маңызы жоғары шешімді қабыдауда өз үлесін қосуды бұлжымас міндеті санап №136 сайлау учаскесіне келген Гүлімжан Иманғалиева көпке үлгі болатын қадам жасады.
Гүлімжан алдымен мемлекет басшысының АЭС салу жөніндегі ұсынысты тастап, шешімін шығаруды халықтың қолына беруі — нағыз көреген көшбасшының әрекеті деп түсінетіндігін айтып, жерлестерінен кешкі 20:00-ге дейін дауыс беруге қатысуларын сұрады.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы