Жаңақала ауданына қарасты Қызылоба ауылы, Айтпай елді-мекенінің тұрғыны, 84-тегі ақ жаулықты әжей Аққаным Дүйсенғалиева да республика үшін аса маңызды күнде №131 Айтпай рефрендум комиссиясына өз дауысын берді.
Осы жасқа жеткенше бірде-бір науқаннан тыс қалмаған кейуана бүгін де өз пікір білдіріп,таңдауын жасады. Жасы егде тартса да, жады мықты екенін сөз саптауынан байқауға болады.
Айта кетейік, жүріп-тұруы қиын жандарға референдум комиссиясы жазбаша өтініштері бойынша жылжымалы жәшік апарып, дауыс беру мүмкіндіктері ескерілуде.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы