6.10.2024, 17:34
Оқылды: 109

«Референдумда дауыс беру ұйымшылдықпен өтіп жатыр»

Ізбасар Дәуітов, референдум бойынша сарапшы:

9

– Бүгін бүкіл еліміздегідей, аудан халқы референдумда АЭС құрылысына қатысты шешім қабылдауда. Ел экономикасы үшін маңызды осы науқанға жерлестеріміздің белсенді қатысып жатқанын атап айта кету керек. Аудандық аумақтық референдум комиссиясы берген мәліметке сүйенсек, 16.00 сағатқа дауыс беру құқығына ие тұрғындардың 17 241-іне бюллетеньдер табыс етілген. Бұл жалпы электораттың 80,38 пайызы.

Осыдан-ақ аудан халқының белсенділігін байқауға болады. Тұрғындардың басым бөлігі тарихта таңбаланатын осы күні әрқайсысының даусы маңызды екенін түсінді деген сөз.

Учаскелік референдум комиссияларының да тыңғылықты дайындығын атап өткен жөн. Таңғы сағат 7-ден бері бірде бір заңбұзушылық тіркелген жоқ, дауыс берушілер мен байқаушылар тарапынан да арыз-шағымдар түспеді. Қазіргі уақытқа учаскелерде 214 байқаушы келіп, тіркелген.

Қалыптасқан дәстүрге сай, ауданымызда референдумда дауыс беру ойдағыдай, ұйымшылдықпен өтіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале