Бүкілхалықтық референдумның шарықтау шегіне жетуіне көп уақыт қалмады. Осы тұста тайлы-тұяғы қалмай, өздеріне бекітілген учаскеге алып-ұшып жетіп жатқан дауыс берушілер әлі де азаймағанын айта кеткен жөн.
Мысалы дәл қазір Теректі аудандық білім беру бөлімінен 100% дауыс берілгендігі жөнінде ақпарат келді. Білім беру бөлімі білім ошақтарын ұйыстырып отырған үлкен мекеме.
– Бөлімнің көзі ашық, көкірегі ояу барша қызметкері референдумнан қалмауы керек деп есептеймін, - деді бөлімнің бас экономисті Анаргүл Қабашева.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы