Тасқала ауданы бойынша азаматтардан 583 өтініш келіп түскен. Әрқайсысы сайлау комиссиясы мүшелерімен қаралып, дауыс беру құқығы жүзеге асырылуда.
Комиссия мүшелері дауыс берушілердің үйлеріне барып, барлық қажетті шараларды қамтамасыз етуде.
Соның ішінде, 99 жасқа таяп қалған амангелділік Үміт Төлеушева да дауыс берді.
Үміт әжей – ел арасында сыйлы, ұзақ өмір сүріп келе жатқан абзал ана. Ол комиссия мүшелерін жылы жүзбен қарсы алып, өз таңдауын жасағанын үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
Үміт әжейдің айтуынша, ол әрдайым ел болашағына қатысты шешімдерге немқұрайлы қарамайды, осы жолы да өз ойын білдіргеніне риза. Бұл үйден дауыс беру шарасы ауылдағы қарт азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі тұрғындарға үлкен қолдау болды.
Тасқала ауданы