6.10.2024, 18:40
Оқылды: 20

Жәнібекте 274 тұрғын үйден дауыс берді

Денсаулық жағдайына байланысты және жасы үлкен кей ауыл тұрғындарына үй жағдайында таңдау жасау үшін жағдай жасалуда.

2

– Бүгін – біздер үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауға тиіс. Бүгін ұрпағымыздың болашағы үшін дауыс бердім. Сол үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым. Еліміз аман болсын! Мемлекетіміз гүлдене берсін! – деді үйден дауыс берген, мүмкіндігі шектеулі жан Қантым Ғұмарова.

Айта кету керек, үйден дауыс беретін тұрғындардың өтініштері сағат 12:00-ге дейін қабылданып, әр учаскенің 2 комиссия мүшесі үйден дауыс беретін тұрғындардың мекенжайларына барып, дауыстарын алды.

Жәнібек аудандық аумақтық референдум комиссияның бізге берген мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша 274 тұрғын үйден дауыс берді.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале