Жаңақала ауданы тұрғындары үшін барлық жағдай қарастырылған.
Зейнеткер Тілеуғали Мерғалиев және Гүлбаршын Халенқызы да дауыс беруден қалыс қалмай, үй жағдайында өз таңдауын жасады.
– Немерелерімнің келешегі үшін өз таңдауымды жасадым. Мұндай жалпыхалықтық референдум өткізілген кезде әрбіріміздің дауыс беруіміз маңызды. Болашақ өсіп келе жатырған ұрпақтарымыздың жақсы өмір кешіп, еліміздің гүлденуіне үлес қосатын азамат пен азаматшалардың бой түзеуі үшін, әрбіріміздің ат салысып, өз таңдауымызды жасауымыз қажет, - дейді ауыл тұрғыны Сәуле Наурызғалиқызы.
Фариза Эдикқызы
Жаңақала ауданы