Олардың қатарында ауданымыздың ардақты ақсақалы, дәрігер, еңбек ардагері Әли Бектұрғанов, белгілі еңбек ардагері, ауданның қадірлі азаматы Зарлық Мусин жұбайы Бағида апамен келіп өз таңдауын жасады. Сонымен қатар Бөрлі ауданына қарасты Пугачев ауылының ақсақалы Талғат Қазжанов та референдум комиссиясына немерелерімен бірге барып, өз дауысын берді.
– Бүгін мен конституциялық құқығымды пайдаланып, референдумда дауыс бердім. Мен дамушы және табысты Қазақстанға, республикамыздың болашағы үшін дауыс беру арқылы өз таңдауымды жасадым. Менің ойымша, бұл күн барлық қазақстандықтар үшін маңызды. Соңғы бірнеше айда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған ғалымдар, сарапшылар, мамандар, барлық деңгейдегі депутаттар тартылды. Бұл жұмыс адамдарға өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді. Сондықтан мен бөрлілік жерлестерімнің өз таңдауларын дұрыс жасайды деп сенемін, - дейді еңбек ардагері Әли Мыңжанұлы.