Жаңатаң ауылында орналасқан №239 референдум учаскісіне «Қаладан – ауылға» жобасы аясында көшіп келген Сүндетовтар және Сисеновтар отбасылары өз таңдауларын жасап, дауыстарын берді.
– «Қаладан – ауылға» атты пилоттық бағдарламасы аясында ауылға көшіп келдім. Ауыл халқы жылы қабылдап, қарсы алды. Елдің ертеңін ойлайтын азамат ретінде референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Өйткені болашағымыздың жарқын болатынына сенемін», - деді Аят Сисенов.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы