7.10.2024, 12:46
Оқылды: 65

«EgovKzBot2.0» telegram-боты қалай жұмыс істейді?

«EgovKzBot2.0» telegram бот-платформасы – қызмет алушыларға құқығын қорғаудың жедел жолы. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.

IMG_7836

Сурет: pixabay.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің басты мақсаты – халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттанудың деңгейін арттыру саналады.

Өз кезегінде департамент осы бағыттағы жұмысында қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге ерекше назар аударады.

Осылайша барлық өңірлерде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған Telegram-чат іске қосылды.

Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды Telegram парақшасына бағыттайтын арнайы QR-кодтар көрсетілген.

Аталған арна арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша шағымдана алады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Департамент қызметкерлері оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдайтын болады.

Осылайша, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау аясында Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын тиісті бақылаумен қамтиды.

Осыған байланысты қызмет алушылар құқықтары бұзылған немесе мемлекеттік қызмет көрсету саласында сұрақтар туындаған жағдайларда «EgovKzBot2.0» telegram бот-платформасына жүгіне алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале