7.10.2024, 15:15
Оқылды: 132

Терең бункерді тазаламақ болған: Рудныйда төрт жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиғаны прокуратура растады. Төрт жұмысшы 6 қазан күні тереңдігі бес метр болатын бункерді тазалауға түсіп, қайта сыртқа шыға алмай қалған. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Жедел жәрдем ЖП

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі барған. 

«Құтқарушылар жұмысшылардың мәйітін алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлім етті ведомство.

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале