7.10.2024, 17:15
Оқылды: 9

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі, 8 қазан күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

IMG_7855

Сурет: primeminister.kz

Күн тәртібінде:

  • жылыту маусымының басталуы;
  • мемлекеттік орман қорын ұлғайту шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша  Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:

  • Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр;
  • көлік министрі Марат Қарабаев;
  • энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев;
  • өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев;
  • экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале