7.10.2024, 20:00
Оқылды: 9

Облыстың құрметті ардагері атанды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде спорт ардагері, ұстаз-жаттықтырушы Николай Коломоецтің 80 жас мерейтойына арналған жиын өтті.

1

Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институты ұйымдастырған кезектен тыс кеңеске профессор-оқытушылар және білім алушылар, сондай-ақ қалалық және облыстық спорт саласының өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Алдымен сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов мерейтой иесін құттықтап, басқарма төрағасы-ректор А.Наметовтің құттықтау хатын табыстады. Бұдан әрі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов ізгі тілегін арнаса, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов шаһарымыздың жаңадан тағайындалған әкімі М.Байменовтің алғысхатын тапсырды.

4

Аға буын ардагерлер де Николай Константиновичтің өңір спортын дамытуға қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ осы жиында өмірін спортқа арнап, шәкірттер тәрбиелеп, армрестлинг және гір спортынан халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерін дайындаған, өзі де ардагерлер арасындағы спорттық додаларда топ жарып жүрген ұстаз, жаттықтырушы Н.Коломоец «Батыс Қазақстан облысының құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

2

Сонымен қатар университетімізде Н.К.Коломоецтің 80 жылдығына орай армрестлингтен облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.

3

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале