Подстепный ауылындағы Теректі колледжіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері келді.
Басты мақсат — жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жолбермеу еді.
Жүздесу барысында Ақмола облысы, конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы, дінтанушы Бахтияр Смадьяров жастар арасында «Жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру: өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» және «Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлермен мәдениетті насихаттау» тағы да басқа тақырыптарда түсіндіру жұмысын жүргізді.
Самал Жолдығалиқызы
Теректі ауданы