Бүгін Жалпақтал атыраптық пошта байланысы бөлімшесінде кезекті баспасөзге жазылу науқанының басталуына орай «ашық есік» күні өтті.
Шараға Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Санжар Ғұбайдуллин, ауылдық ардагерлер Кеңесінен Қадырбллат Жұбашев, жергілікті БАҚ өкілінен Қыдыр Абдрахманов және мекеме басшылары мен кітапханашылар қатысып, баспасөздің бүгінгі таңдағы маңызы хақында келелі пікірлер білдірді.
Одан кейін «ашық есік» күнін ұйымдастырған Жалпақтал атыраптық пошта байланысы бөлімшесі қызметкерлерінің бүгінгі бастамасын түгел қолдаған шақырулы қонақтар алғашқылардың қатарында барлығы бірдей алдағы 2025 жылға баспасөзге жазылып, көпке үлгі бола білді.
Алдағы уақытта осындай керемет бастама әр мекемеде өз жалғасын таба берсін дейміз.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы