9.10.2024, 9:30
Оқылды: 78

Қазақстанда жыл соңына дейін жылу желілерінің тозуы 52%-ға дейін төмендетіледі

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады, деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.

IMG_8039

Сурет: Үкімет

Үкімет жылу желілерінің тозу көрсеткішін азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Өткен жылдан бастап Қазақстанда «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осының есебінен жылу және энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі 2023 жылы тарихтағы ең ірі көлемге – 227 млрд теңгеге жетті, биыл рекордтық 327 млрд теңгеге дейін өсті. Салыстыру үшін, 2020-2022 жылдары аталған жұмысты қаржыландыру көлемі жылына орта есеппен 90 млрд теңгеден аспаған. 

«2019 жылы барлық жылу желілерінің тозуы еліміз бойынша орташа есеппен 61%-ды құрады, жыл соңына дейін біз бұл көрсеткішті 52%-ға дейін жеткіземіз», - деп атап өтті Роман Скляр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале