9.10.2024, 11:45
Оқылды: 129

Шыңғырлауда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында курс өткізіліп жатыр

Шыңғырлау аудандық AMANAТ партиясы ғимаратында «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылық жобасы аясында оқыту курсы өткізіліп жатыр. Бескүндік оқу бағдарламасы несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізімінде тұрған, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ азаматтарға, жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған.

462455311_1969605860117839_108276470992735863_n

Бұл жоба аясында оқытулар жыл басынан бері көптеп ұйымдастырылып келеді. Оқуда ауыл тұрғындарын, кәсіпкерлермен қатар әр түрлі сала мамандарын қамту жоспарланған.

462098809_1969605910117834_8184497524783040552_n

Курстың жетекшісі, қаржы сарапшысы, жоба менторы Анархан Құттығалиева отбасылық қаржыны тиімді жұмсау, кіріс-шығысты басқару, кәсіп бастау, несиеден құтылу, алаяқтардан сақтану, тағы да басқа әр адамның білуі қажет ақпараттармен бөлісіп, оқытады. Бұл курсты оқу әрбір азаматқа пайдалы болмақ. Оқу соңында қатысушыларға курстан өткені туралы арнайы сертификаттар табысталады.

462257893_1969606033451155_1923741505708863136_n

Қарызсыз қоғам құрып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру – жобаның басты мақсаты. Бұл – белең алып тұрған мәселелерді шешіп, қарызсыз болашаққа жету үшін жасалып жатқан үлкен қадамдардың бірі.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале