9.10.2024, 16:15
Оқылды: 16

Шыңғырлауда ауыл көшелерін жарықтандыру қалай жүріп жатыр?

Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылдық округінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерде жарықтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жарықтандыру

Ескірген жарық шамдары айырбасталып, электр сымдары жаңартылып, сондай-ақ, электр энергиясын тиімді пайдалану және үнемдеу үшін энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдар да орнатылып жатыр.

Бүгінгі таңда ауылдағы С.Сейфуллин, Ә.Молдагұлова, М.Маметова көшелеріне жарықтандыру жұмысы жүргізіліп, 30 жарық шам ауыстырылды.

Аталған жұмысты «Строй Монтаж» ЖШС-і орындады. Ауылда көшелерді жарықтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Барлық жобалар ауылдың инфрақұрылымын көтеріп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасайды. Түнгі уақытта самаладай жарық болып тұрған көшелерді көріп, тұрғындар разы болысуда.

– Ауылымыздың инфрақұрылымының жыл сайын жақсарып келе жатқаны көңілімізді бірлейді. Ұялы байланыс, таза ауыз су, аудан мен ауылды жалғап жатқан тақтайдай тегіс жол – мұның бәрі жүзеге нақты асырылып жатқан жұмыстардың көрінісі. Енді кешке мектептен қайтқан балаларға да, іңір қараңғысында көшеде жүрген ауылдастарға да көшедегі шамдар жол көрсетіп тұрмақ, - дейді қуанышымен бөліскен ауыл тұрғыны.

                                                                                                   Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале