Елдің өзі ақын деген атақ беріп, алақанында аялаған алаштың ақын қызы, жерлес анамыз, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгерееваның мерейлі 80 жасқа толуына орай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған «Ақұлпа» республикалық композиторлар байқауында теректілік Елжас Мағзом бас жүлдені қанжығасына байлады.
Талантты сазгер әрі тәжірибелі орындаушы ақынның «Сендік сенім жүрегімді алдаса...» өлеңіне жүрек тебірентер ән жазған.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылардан ерекшеленген тұсы да сөз бен саздың үйлесімділігі болды.
Көрермен поэзияның әр жолын елжірей тыңдады. Жүректен шыққан әуен де, өлең де жүректерге жетері ақиқат қой.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы