10.10.2024, 9:15
Оқылды: 35

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады

Қазір еліміз бойынша жаңа пәтердің бір шаршы метрі 494 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға көп. Баға Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда қалаларында 7-8 пайызға көтерілген. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Тұрғын үй ЖП/ дом Автор Гүлмира Сарсенғали

Ал ең қымбат пәтер қазір Астана және Алматыда. Мұнда жаңа үйдің шаршы метрі 570-592 мың теңгеден.

Сондай-ақ, екінші деңгейлі нарықтағы баспана бір жылда 5 пайызға қымбаттады. Ал жалдамалы пәтер құны 8,4 пайызға көтерілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале