11.10.2024, 10:15
Оқылды: 18

Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Азия чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_8339

Сурет: Olympic.kz

Біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады. 

Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда жетінші орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр. 

Айта кетелік, бұл турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале