11.10.2024, 11:15
Оқылды: 16

40-тан астам елдің өкілдері діни қызметті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

8-10 қазан аралығында Берлин қаласында Германия Үкіметінің IRF Secretariat және LYNC ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық министрлер конференциясы (IRF Ministerial) шеңберіндегі іс-шаралар өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_8341

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еуразия құрлығы бойынша панелдік дискуссияда Дін істері комитетінің өкілі Азамат Данахметов елдегі діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, аталған дискуссияда Грузия, Молдова және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдары мен діни бірлестіктері өкілдері діни қызмет саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға 40-тан астам елдің өкілдері қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале