11.10.2024, 10:45
Оқылды: 91

Алматыда жоғалып кеткен топ-менеджердің денесі табылды. Полицейлер күдіктіні ұстады

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамның мәйіті Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылының шетінен табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Бұған дейін Lider.kz ұйымының еріктілері әлеуметтік желіде 42 жастағы Ермек Жақыпжановтың жоғалып кеткені туралы хабарландыру жариялаған болатын.

Ол 9 қазан күні таңертең Масаншы көшесінің бойындағы үйінен Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Алматы облыстық полиция департаменті 10 қазанда Іле ауданы Өтеген батыр ауылының шетінде 42 жастағы ер адамның денесі табылғанын мәлімдеді.

«Полицейлер адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, марқұмның әлеуметтік желілердегі профилінде оның Lenovo компаниясының GR директоры екені көрсетілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале