Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.
«Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Орал қалалық, Бәйтерек, Бөкей ордасы, Бөрлі және Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 2024 жылғы 8 желтоқсанға Орал қалалық мәслихатының №11, №16, №23, Бәйтерек аудандық мәслихатының №2, Бөкей ордасы аудандық мәслихатының №3, №7, Бөрлі аудандық мәслихатының №8, Сырым аудандық мәслихатының №9 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау тағайындалғанын хабарлайды», - делінген хабарламада.