11.10.2024, 12:30
Оқылды: 56

Ақжайық ауданының Мансап орталығына жаңа басшы тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы Ақжайық ауданының мансап орталығына басшы болып Орынбек Талғатұлы Жапашев тағайындалды.

0ad15ba8-01bd-4eef-bb15-d1960ffe68e7

Орынбек Талғатұлы – 1978 жылы Жұбан ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Орал қаласында құқық қорғау органдарында бастаған ол 2018 жылдан 2019 жылға дейін Қурайлысай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарады. 2019 жылдан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қурайлысай ауылдық округі әкімі лауазымында болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале